Головкин – Гил жекпе-жегінің статистикасы мәлім болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Гил жекпе-жегінің статистикасы мәлім болды

28.07.2014
Головкин – Гил жекпе-жегінің статистикасы мәлім болды

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жектің статистикасы мәлім болды.

Үш раунд қорытындысы бойынша Геннадий Головкин 191 соққы жасап, оның 56 қарсыласына дөп тиген (29 пайыз). Тура соққы – 92-23 (25), ал ауыр соққы – 99-33 (33).

Дэнниэл Гил үш раундта 140 соққы жасаған. Оның 29 пайызы дөп тиген. Ауыр соққы – 86 (38), тура соққы – 54 (13).

Естеріңзге сала кетейік, кеше АҚШ-тың Madison Square Garden аренасында өткен кездесуде Геннадий Головкин қарсыласы Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісін тойлады.

Хабарламаларға жазылу