Сэм Солиман: Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сэм Солиман: Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетеді

06.07.2014
Сэм Солиман: Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетеді

Кәсіпқой бокстан IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы австралиялық Сэм Солиман қазақстандық Геннадий Головкин мен отандасы Дэниэл Гил жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BoxingScene.com.

«Гил нағыз бабында болса, шаршы алаңда жылдам қозғалады және ауыр соққы жасайды. Жеңілмейтін спортшы жоқ. Сондықтан, Дэниэл Гилдің аздаған мүмкіндігі бар», - дейді Солиман.

Дегенмен, Солиман: «Алайда Гил үшін сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Өйткені, Головкин үшін жарықты сөндіруге бір соққы жеткілікті», дейді.

Сэм Солиманның айтуынша, Гил шаршы алаңда ширақ қимылдап, Головкиннің жойқын соққыларынан қашқан жөн.

«Менің ойымша, бұл жекпе-жекте Геннадий Головкин ұпай санымен жеңіске жетеді. Бокс кешін Головкин компаниясы ұйымдастырады және MSG аренасы оның екінші үйі. Бірақ, жағдайды өзгертуге Дэниэл Гилдің мүмкіндігі болады», - дейді Сэм Солиман.

Айта кетейік, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілдеде күні Нью-Йоркте өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу