Головкин – Гил жекпе-жегінің билеті бүгіннен бастап сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Гил жекпе-жегінің билеті бүгіннен бастап сатылады

05.06.2014
Головкин – Гил жекпе-жегінің билеті бүгіннен бастап сатылады
Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил жекпе-жегінің билеттері Madison Square Garden аренасының кассаларында бүгіннен бастап сатылады.
 
Сонымен қатар, Ticketmaster кассалары мен  www.ticketmaster.com және www.thegarden.com сайттарында онлайн-сатылым ашылады. Ең арзан билет – 25 доллар. Ал ең қымбаты – 500 доллар.
 
Айта кетейік, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йоркте өтеді. 20 мың адамға арналған Madison Square Garden аренасынан HBO телеарнасы көрсетілім жасайды.
 
Қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы 30-шы жекпе-жегін өткізбек. WBA суперчемпионы бұған дейін өткізген 29 жекпе-жектің 26-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Хабарламаларға жазылу