Поль Погба футболдан Әлем чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды

14.07.2014
Поль Погба  футболдан Әлем чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба Бразилияда аяқталған футболдан Әлем чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды.

21 жастағы жартылай қорғаушы бұл аталым бойынша отандасы Рафаэль Варан мен Нидерланд құрамасының футболшысы Мемфис Депайдан озық шықты.

Поль Погба бұл турнирде 5 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ал Франция құрамасы ширек финалда Германия футболшыларынан ұтылды.

Хабарламаларға жазылу