«Маракана» стадионында фейерверк-шоу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Маракана» стадионында фейерверк-шоу өтті

14.07.2014
«Маракана» стадионында фейерверк-шоу өтті

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының әйгілі «Маракана» стадионында футболдан Әлем чемпионатының аяқталу құрметіне фейерверк-шоу ұйымдастырылды.

Көздің жауын алатын көріністі қала жұртымен бірге, бүкіл жер тұрғындары тамашалады.

Ал, чемпионат финалында Германия құрамасы Аргентина футболшыларын 1:0 есебімен ұтып, төртінші рет Әлем Кубогын иеленді.

Лионель Месси Бразилияда өткен дүниежүзілік матчтардың ең үздік ойыншысы атанды.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу