Лионель Месси үздік ойыншы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси үздік ойыншы атанды

19.12.2022

Әлем чемпионатының жабылу салтанатында биылғы мундиальдың жүзден жүйрік деп танылған үздіктері марапатталды. Аргентина капитаны Лионель Месси турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Байрақты бәсекеде ол 7 рет қақпаны дәл көздеп, 3 нәтижелі пас берген. Ал 8 голдың авторы Килиан Мбаппе «алтын кебіс» иегері атанды. Аргентиналық қорғаушы Энцо Фернандес турнирдің ең жас ойыншысы деген атақты иеленсе, оңтүстікамерикалық қақпашы Эмилиано Мартинес «алтын қолғапты» жеңіп алды. 

Хабарламаларға жазылу