Франция құрамасы Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция құрамасы Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды

01.07.2014
Франция құрамасы Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды

Франция құрамасы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Нигерия құрамасын 2:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Шешуші голды ойынның 79-шы минутында қақпашы Винсент Эньеаманың қателігінен кейін Поль Погба соқты.

Ал төреші белгілеген қосымша уақытта Нигерия құрамасының капитаны Джозеф Йобо өз қақпасына гол соңып алды.

Дидье Дешам шәкірттерінің ширек финалдағы қарсыласы – Германия мен Алжир матчында анықталады.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/8 финал

Франция – Нигерия – 2:0 (0:0)

Голдар: Погба, 79 (1:0). Йобо, 90+2 – өз қақпасына (2:0).

Франция: Ллорис, Дебюши, Варан, Косьельни, Эвра, Кабай, Матюиди, Погба, Вальбуэна (Сиссоко, 90+3), Жиру (Гризманн, 62), Бензема.

Нигерия: Эньеама, Эмброуз, Йобо, Омеруо, Ошанива, Одемвингие, Оби Микел, Онази (Гэбриэл, 59), Моузес (Нвофор, 89), Муса, Эменике.

Ескерту алған ойыншы: Матюиди, 54.

Төрешілер: Гейгер, Херд (екеуі де – США), Флетчер (Канада).

30 маусым. Бразилиа. Ұлттық стадион.

Хабарламаларға жазылу