Актер балалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер балалар

10.07.2014
Актер балалар

«Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның рөлін ойнаған Нұрлан Санжар (Сегізбаев) – қала баласы. Қожа рөлінен кейін Нұрланды басқа фильмдерге шақырған, бірақ ол үзілді-кесілді бас тартқан. Нұрлан Санжар – философия ғылымының кандидаты, бірнеше кітап авторы.

Сұлтанның рөлін ойнаған Марат Көкеновтің актер боламын деген арманы орындалмады, актер болмады. Армиядан келген соң, ол Мемлекеттік қауіпсіздік органдарына жұмысқа тұрған.

Бес жасар Дәулетті ойнаған Юсуф Шамузов медициналық институтты бітірген 1983 жылдан бері Қазақстанның бокс құрамасының дәрігері.

Ал  фильмде Жанардың рөлін Гүлнар Қарабаева ойнады. Ол кейін институтты бітіріп, инженер болды.

Сонымен қатар, «Алпамыс мектепке барады», «Көксерек» сынды туындыларға түскен бала актерлердің қазіргі тағдыры турасында бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу