Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

08.07.2020
Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек 52 жасында өмірден озды. Қаралы хабар туралы режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Facebook-те жазды.

Дархан Дайырбек 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Академияны аяқтағаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. «Терісқақпай» театрының әртісі ретінде де көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Ол кино актер ретінде «Әкім», «Құдалар», «Тамада ісі», «Қазақша тонау» фильмдеріне, «Бастық боламын», «Бақытсыздар бағы», «Елдің баласы», «Күй-ғұмыр» сериалдарына түскен.

Хабарламаларға жазылу