Әнші Ерден Жақсыбеков «Түнгі студия» бағдарламасында жаңа әннің тұсауын кесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Ерден Жақсыбеков «Түнгі студия» бағдарламасында жаңа әннің тұсауын кесті

04.05.2018

«Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген жас әнші, актер Ерден Жақсыбеков алдағы уақытта жаңа клип түсірмек. Бұл туралы бағдарлама барысында өз жаңалықтарымен бөлісті.

Бала кезінде Халықаралық «Бозторғай» балалар байқауына қатысқан Ерден Жақсыбеков 2003 жылы «Алтын магнолия» байқауына да қатысып, бас жүлде иеленген.

Бағдарламада соңында жаңа әнінің тұсауын кесті. «Тыным бар ма жаныма?» әнінің әні А.Жанәлин, сөзін Олжас Қасым жазған.

Хабарламаларға жазылу