Қырғыз Республикасының Президенті Түркі Академиясын құру жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының Президенті Түркі Академиясын құру жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

10.07.2014
Қырғыз Республикасының Президенті Түркі Академиясын құру жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Қырғыз елінің Президенті Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының «Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Түркия үкіметтері арасындағы Түркі Академиясын құру жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен хабарлады.

Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңды 2014 жылдың 25-ші маусымында қабылдаған. Енді заңға сәйкес Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігі аталған Келісімнің күшіне енуіне қажетті Қырғыз еліндегі мемлекетішілік барлық рәсімдер орындалғаны туралы Түркияны хабардар етуі керек. Заң ресми түрде жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.

 

Хабарламаларға жазылу