Ұлттық Банк «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық Банк «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды

21.11.2014
Ұлттық Банк «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды

ҚР Ұлттық Банкі «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ана» монетасы - монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған монета.

Монета кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 5 мың дана.

Монетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады. 

Хабарламаларға жазылу