ҚР Ұлттық банкі бүгін 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық банкі бүгін 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды

28.01.2020

Ұлттық банк бүгін 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. 100 теңгелік монета сияқөты 200 теңге де екі түске боялған. Монетаның реверсінде, яғни сыртқы бөлігінде елтаңба бекітілген және латын тілінде мемлекет атауы жазылған. Ал төменгі жағында оның дайындалған жылы бейнеленген. Мамандардың сөзінше, банкноттан монетаға көшу кезінде ешқандай келеңсіздік болмайды. 200 теңгелік монетамен автомат, терминалдар арқылы шамамен 3 айдан кейін төлем жасауға болады. Керісінше, мұндай өзгерістің бірнеше артықшылығы бар. Мәселен, өткен жылы 4 мыңға жуық жалған банкнот жасау фактісі тіркелсе, тек 6 рет жалған монета жасау қылмысы анықталған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу