Ұлыбританияда Джеймс Бондқа арналған ең үлкен монета шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда Джеймс Бондқа арналған ең үлкен монета шығарылды

03.03.2020
Ұлыбританияда Джеймс Бондқа арналған ең үлкен монета шығарылды

Ұлыбританияда Джеймс Бонд туралы 25-ші фильмнің шығуына орай салмағы 7 келі болатын алтын монета (номиналды құны 8000 евро) шығарылды. 

Монетада Бондтың Aston Martin DB5 маркалы көлігі бейнеленген. Ал көліктің астында 007 нөмірі мен тапанша таңбасы көрсетілген.

Бұл - Ұлыбритания Корольдік монета сарайының тарихындағы монеталардың ең үлкені әрі қымбаты. Оның диаметрі - 18,5 см.

Сонымен қатар салмағы 2 келі болатын шағын алтын монеталар да шығарылды. Олардың номиналды құны - 2000 фунт стерлинг.

Хабарламаларға жазылу