Басты Жаңалықтар Германия Франция құрамасын ұтып, жартылай финалға жолдама алды

Германия Франция құрамасын ұтып, жартылай финалға жолдама алды

Германия Франция құрамасын ұтып, жартылай финалға жолдама алды

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы ширек финалында Германия құрамасы Франция футболшыларын 1:0 есебімен жеңді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол ойынның 13 минутында соғылды. Гол авторы - қорғаушы Матс Хуммельс.

Йоахим Лев шәкірттері жартылай финалда Бразилия - Колумбия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/4 финал.

Германия – Франция – 1:0 (1:0).

Гол: Хуммельс, 13.

Франция: Ллорис, Дебюши, Варан, Сако (Косьельни, 72), Эвра, Вальбуэна (Жиру, 85), Кабай (Реми, 73), Матюиди, Погба, Гризманн, Бензема.

Германия: Нойер, Лам, Боатенг, Хуммельс, Хеведес, Швайнштайгер, Хедира, Кроос (Крамер, 90+2), Езил (Гетце, 83), Мюллер, Клозе (Шюррле, 69).

Ескерту алғандар: Хедира, 54. Швайнштайгер, 80.

Судьи: Питана, Майдана, Белатти (барлығы – Аргентина).

4 шілде. Рио-де-Жанейро. «Маракана» стадионы.

Бөлісу