Қала күні қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар (қайта жаңартылған) мұражайының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astana.kz сайты хабарлады.
Мұражай өзінің бұрынғы орны - №2 мамандандырылғын өрт сөндіру бөліміне қайта оралды. Жаңа орынжай бұрынғыдан кең, мұнда 3 негізгі бөлім бар.
Көрме залында Астананың өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен танысуға болады. Департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшылардың өмірбаяны жазылған стенд жасалды.
Залда 1950 жылы Астанадағы алғашқы өрт сөндіру депосының макеті, офицерлердің салтанатты киімі, өрт сөндірушердің жауынгерлік киімдері, өрт сөндіру-техникалық қару жарақтары: өрт сөндіру оқпаны мен өрт сөндіру жеңі бар.
Сонымен қатар, шара барысында ҚР ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарына жаңа қызметкерлер қабылданды. Отанға деген адалдыққа қатардағы және басшы құрамнан 10 қызметкер ант берді.