Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті (толығырақ)

30.06.2014
Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық  велошеруі өтті (толығырақ)

Астанада мереке қарсаңында «Қайсар керуен» бұқаралық  велошеруі өтті. Оған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов те қатысты.

Идеяны құп көрген Олимпиада чемпиондары да бір-бір велосипедті тізгендеді. Веложарыс  ұзақтығы 4600 метрге созылды. Қатысушылар бұл қашықтықты 30 минутта  еңсерді.

Велошеруге барлығы 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында меценаттар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен эстрада жұлдыздары да бар.

Акцияға кез келген елордалық тұрғынның қатысуына мүмкіндік болды. Қайырымдылық шарадан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы спортты дамытуға жұмсалады.

Бахтияр Артаев, Президенттік «Астана»  кәсіби спорт клубының жетекшісі:

Біз үшін ең бастысы - халықтың денсаулығы.  Барша жұртшылық спортпен шұғылданса, деген ниетпен келіп отырмыз.

Хабарламаларға жазылу