Ертең «Референдум» онлайн марафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Референдум» онлайн марафоны өтеді

04.06.2022

Ертең «Референдум» онлайн марафоны өтеді. Пікір алмасу шарасын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырды.

Елде медиа кеңістігіндегі тұңғыш саяси шара таңғы сағат 9-дан, түнгі 1-ге дейін жалғасады. Отандық бұқаралық ақпарат құралдардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей таратылады. Онлайн марафонның негізгі мақсаты – референдум барысынан жедел ақпараттар беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну. Сондай-ақ дауыс берудің алдын ала қорытындысын ашық талқылау болады. Шараға депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері және журналистер қатысады.


Хабарламаларға жазылу