«Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді

31.07.2014
«Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді

16 тамыз күні Алматы қаласында әуесқойларға арналған «Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай ұйымдастырылмақ.

Көптеген қалалық веложарыстарға қарағанда, «Tour of World Class-2014» веложарысы,  III Алматы Марафонында өзін үздік көрсеткен, бұқаралық жарыстардағы нәтижелерді есептеудегі заманауи MyLaps жүйесімен жабдықтандырылады.      

Әуесқойларға арналған «Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы Алматы қаласының велоспорты өркендеуінің тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымды спорт іс-шарасы.

Жарыс Алматы қаласының тұрғындары арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, қаладағы веломәдениетті дамыту, сонымен қатар, облыс орталығы мен өңірлердегі тұрғындарды барынша велосипедшілер қатарына қосу мақсаттарында өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу