«Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық конкурсының лауреаттары марапатталды. Жеңімпаздарға 1 миллион теңгеден берілді.
Атап айтсақ, қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін «Нұр сұңқар» сыйлығымен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова марапатталды.
«Сөз шебері» аталымы бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет лауреат атанды.
«7 арна» телеарнасының «Другими словами» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист ретінде танылып, «Нұр Сұңқар» сыйлығын иеленді.
Республикалық «Айқын» газетінің руханият, әлеумет бөлімінің редакторы Гүлзина Бектас «Аймақ айнасы» аталымы бойынша жеңімпаз болды.
«Көзқарас - ең үздік блогер» аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығы Өркен Кенжебек пен Яков Федоровқа бұйырды.
«Нұр Сұңқар» байқауының ең үздік ақпараттық агенттік журналисіне арналған сыйлығының лауреаты болып BNews.kz АА бас редакторы Анар Базмұхаметова танылды.
«Хабар» телеарнасының «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі әрі шеф-редакторы Ольга Цой «Ең үздік материал» аталымы бойынша жүлдеге ілікті.
«Ақпарат саласының үздігі»төсбелгісімен «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Апта.kz» бағдарламасының редактор-жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы және «Қазақ радиосының» қызметкері Зарлы Қойшығұл марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24