Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Айтыс» мамандығы ашылды
Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Айтыс» мамандығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер жанашырлары мен ұлт зиялылары ақылдаса келіп, Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі өнер факультетінен «Айтыс» мамандығын ашуды ұйғарған. Бұл бастама мемлекет тарапынан қолдау тауып, 4 грант бөлінген.
Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас мамандық Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде болған. 2001 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, сол кездегі университет ректоры Мырзатай Жолдасбековтің қолдауымен «Дәстүрлі музыкалық және поэтикалық өнер» атты мамандық ашылып, қазақтың талантты жастары білім алған.
Кейін университет құрылымын өзгерткенде бұл мамандық жабылып қалған. Қазіргі ашылған жаңа мамандыққа құжаттарды қабылдау маусым айының 30 жұлдызына дейін жалғаспақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30