«Астана» радиосының бас редакторы - «Үздік бас редактор» атанды
Журналистер күні қарсаңында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі БАҚ өкілдерін марапаттады.
Үздік журналистерге «Қазақстанның үздік редакторы», «Қазақстанның үздік журналисті», «Еуразияның алтын қаламы» төсбелгілері мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты табысталды.
«Астана» радиосы директорының орынбасары, бас редактор Базаркүл Үмбетова аталмыш шарада «Қазақстанның үздік редакторы» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, марапат БАҚ өкілдеріне кәсіби жетістіктері үшін, БАҚ саласында көпжылдық еңбегі үшін, азаматтық ұстанымы мен әріптестер арасындағы мінсіз беделі үшін берілді.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған журналистер арасындағы байқауда «Астана» радиосының шолушы-редакторы Николай Федотов еліміздің денсаулық саласын белсенді насихаттағаны үшін бас жүлдені иемденді.
Әріптестерімізді бүгінгі жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20