«Қазақстан» РТРК АҚ-ның қызметкерлері халықаралық «Болашақ» стипендиясын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК АҚ-ның қызметкерлері халықаралық «Болашақ» стипендиясын иеленді

08.01.2015
«Қазақстан» РТРК АҚ-ның қызметкерлері халықаралық «Болашақ» стипендиясын иеленді

«Болашақ» бағдарламасының стипендиясы әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 университетінде білім алып, тәжірибе жетілдіруге мүмкіндік береді.

Халықаралық стипендия иегерлері арасында «Қазақстан» РТРК АҚ-ның қызметкерлері де бар. Мысалы, 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығында бір ай мерзімінде АҚШ-тағы Нью-Йорк киноакадемиясында Ануар Жомарт «Автоматты жобалаудың жүйесі», ал Бекжан Алмас «Автоматтау және басқару» мамандығы бойынша біліктілігін арттырып келді.

Сол сияқты, 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында бірқатар қызметкерлер магистратура дәрежесінде білімін шыңдамақ. Атап айтқанда, «Журналистика» мамандығы бойынша «KAZsport» телеарнасының редакторы Зарина Сейфуллина мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бас редактор-жүргізушісі Гүлназия Ізбасова АҚШ-та білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтайды.

Ал, «Болашақ» бағдарламасының «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша стипендиясын «Астана» радиосының редактор-жүргізушілері Гүлзат Ахметова мен Зейнет Мұсабаева иеленді. «Астана» радиосының қызметкері Жанетта Әбділдина «Елтану» мамандығы бойынша Ұлыбританияда екі жыл білім алады.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкерлері Айнұр Тоқтыбаева мен Нұрмұхамед Байғараев та Ұлыбритания ЖОО-ның магистратурасына қабылданды.

Хабарламаларға жазылу