Бүгін – «Астана» радиосының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Астана» радиосының туған күні

19.01.2014
Бүгін – «Астана» радиосының туған күні
Бүгін «Астана» радиосының туған күні. 1999 жылы 19 қаңтарда 101.4 FM толқынында эфирге шыққан радио «Ең таңдаулысы сен үшін!» деген ұранмен қызмет атқарып келеді. 2013 жылдың 22 наурызында Астана радиосының http://astanafm.kz/ сайты ашылып, сол жылдың қарашасында видеотрансляция басталды.
Радио 2013 жылдың ақпанынан заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істей бастады. 60 пайызы қазақ тіліндегі хабарлар, 40 пайызы орыс тіліндегі хабарлардың үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, жастар арнасын интернет желісіндеhttp://astanafm.kz сайты арқылы тыңдауға болады.
 
2009 жылы 19 қаңтарда «Астана» радиосы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
 
Радио 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» жүлдесін жеңіп алып, 2006 жылы «Үздік радио» атағына ие болды.
 
2013 жылы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Қазақстан» телерадиокорпарациясы» АҚ ұйымдастырған байқауда «Астана» радиосының редактор-жүргізушісі Ақбота Ахмет «Үздік редактор-жүргізуші» аталымында топ жарып, Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей қолдауымен өткен этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» байқауында «Астана» радиосының редактор-жүргізушісі Жанболат Шәкім үздік танылып, 1-ші орынды иеленді.
 
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Өрлеу ақпараты» байқауында «Инновация тақырыбындағы үздік радио бағдарламасы» аталымы бойында редактор-жүргізуші Гүлзат Ахметова 1-ші орынға ие болды. Музыкалық жүргізуші Мақпал Аманбай «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Астана: жастар көзімен» конкурсының «Онлайн профи» аталымының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қиын да қатерлі қызметтерін БАҚ-та кеңінен насихаттағаны үшін, Мақпал Аманбайдың «1001 кәсіп» бағдарламасы «Ең үздік радиохабар» деп танылды.
 
Айта кетейік, «Астана» радиосының музыкалық жүргізушісі Зейнет Мұсабаева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның БАҚ өкілдері арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы немесе жалпы еліміздегі кәсіпкерлік туралы үздік материалды анықтауға арналған «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» атты байқауында «Үздік радиосюжет (репортаж)» аталымы бойынша 1-ші орынды иеленді.

Хабарламаларға жазылу