Ақын Серік Сейітманның жаңа кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Серік Сейітманның жаңа кітабы жарық көрді

17.09.2014
Ақын Серік Сейітманның жаңа кітабы жарық көрді

Ақын, «Шалқар» радиосының Бас редакторы Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты кітабы жарық көрді.

Туындының тұсаукесер рәсімі  25 қыркүйек күні, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтпек. 

Ақынның бұған дейін «Қырсық қызға қолтаңба»,  «Қазақтың қаны» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Біздің анықтама:

Серік Сейітман 1982 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған.

2006 жылдың қаңтарынан Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, «Руханият» бас редакциясы Бас редакторының орынбасары, «Әдеби-саз» редакциясының шолушысы қызметтерін атқарып келді.

 2014 жылдың ақпан айынан бастап, «Шалқар» радиосының Бас редакторы қызметінде.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің І дәрежелі лауреаты; Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты; 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық тұңғыш форумында Көтеш Райымбекұлы атындағы сыйлықты иеленді.  

Хабарламаларға жазылу