«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

24.06.2016
«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты жиыны өтті.

Салтанатты шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның қызметкерлері  Қаракөзова Гүлмира Әлібекқызы («Астана» радиосының директоры), Нығметова Мейрамгүл Исатайқызы («Шалқар» радиосының редактор шолушысы), Әлібек Дархан Шарханұлы (АБД операторлар бөлімінің қоюшы-операторы) «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Сонымен қатар, «Астана» радиосының ақпараттық-бағдарламалар қызметінің жүргізуші-редакторы Баймақова Аида Нұрланқызы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды.

«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Ал, радиодағы «Шаңырақ», «Әнтұмар» бағдарламалары мен  «Жұлдызды Астана» хит-шеруінің жүргізушісі Сымбат Талғатқызы Танашеваға  «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хаты табысталды.

Қаракөзова Гүлмира Әлібекқызы 2004 жылдан бастап «Астана» радиосын басқарады.

Журналистер Одағының, сондай-ақ «Бас редакторлар клубының» мүшесі. «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, «Қазақ радиосының үздігі» медалімен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу