Wimbledon-2014. Кукушкин мен Шведова екінші айналымға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon-2014. Кукушкин мен Шведова екінші айналымға өтті

25.06.2014
Wimbledon-2014. Кукушкин мен Шведова екінші айналымға өтті
Лондон өтіп жатқан Wimbledon-2014 теннис турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин екінші айналымға өтті. Ол бірінші айналымда Израиль өкілі Дуду Селаны 6/4, 6/4, 6/4 есебімен ұтты.
 
Ал бұған дейін, Андрей Голубев Новаку Джоковичтан ұтылса, Александр Недовесов Тайвань теннисшісі Ень-Хсунь Луге есе жіберді.
 
Әйелдер бәсекесінде Ярослава Шведова келесі кезеңге жолдама алды. Ол чех қызы Катерина Плишковдан 3/6, 6/4, 8/6 есебімен басым түсті. Шведова екінші айналымда эстон қызы Кайя Канепимен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу