Wimbledon – 2014. Кукушкин, Шведова және Диас үшінші айналымға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon – 2014. Кукушкин, Шведова және Диас үшінші айналымға өтті

27.06.2014
Wimbledon – 2014. Кукушкин, Шведова және Диас үшінші айналымға өтті
Лондонда өтіп жатқан Wimbledon – 2014 теннис турнирінде қазақстандық теннисшілер екінші айналымнан сүрінбей өтті.
 
Ерлер бәсекесінде Михаили Кукушкин канадалық Фрэнк Данчевитен 6/3, 6/3, 6/2 есебімен басым түсті. Қазақстандық теннисшінің үшінші айналымдағы қарсыласы – әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль.
 
Әйелдер бәсекесінде алдымен Ярослава Шведова сынға түсті. Ол екінші айналымда эстон қызы Кайя Канепимен кездесіп, 6/3, 6/7 (4), 6/2 есебімен жеңіске жетті. Шведованың келесі қарсыласы – Мэдисон Киз (АҚШ).
 
Сонымен қатар, Зарина Диас та келесі кезеңінің жолдамасына ие болды. Қазақстандық теннисші айналымда Карла Суарес-Наварроны (Испания) ұтты. Есеп: 7/6 (12), 5/7, 6:2. Оның үшінші айналымдағы қарсыласы – Вера Звонарева (Ресей).

Хабарламаларға жазылу