Астанада «Алтын құлын» байқауының ақтық кезеңі өтеді
24-25 маусым Астанадағы «Тілеп қобыз» сарайында «Балапан» телеарнасы ұйымдастырған«Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауының ақтық кезеңі өтеді.
Енді байқауға қатысушылар жырды жалғастырып жатқа оқу арқылы бақтарын сынайды. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар екі топқа бөлінеді. Кіші топқа (7-11 жас) «Алпамыс батыр» жыры, үлкен топқа (12-15 жас) «Қыз Жібек» жыры берілген.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің шығыс, батыс, оңтүстік өңірлерінен және Астана мен Алматы қалаларынан жүзге жуық үміткер жыр бәйгесінде бақ сынады.
Бірі жырды мәнерлеп, көркем оқуымен көзге түссе, енді бірі мақамға салып, әуелете шырқады. Байқау ережесі бойынша әр аймақтан 7-11 және 12-15 жастағы үміткерлер халықаралық сайысқа жолдама алды.
Ақтық сында бақ сынайтын аймақтық жеңімпаздар:
Шығыс Қазақстан облысынан:
Батыр Әлекеев
Низан Абылайхан
Батыс Қазақстан облысынан
Нұрсәт Ораз
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қаныбек Досан
Кәмшат Жаппарбекова
Астана қаласы
Қасиетәли Құдайберген
Ережеп Қуанышбек
Даурия Сүлейменова
Алматы қаласы
Тоғжан Бақытова
Нұрай Айтуарова
Тұқан Әділет
Моңғолия
Сағындық Табиғатқызы
Тілекберді Жанарбекұлы
Қытай Халық Республикасы
Қуаныш Елеусізұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12