Ғалымдар тісті емдеудің жаңа технологиясын ойлап тапты
Лондонның Кингс-колледж университетінің ғалымдары тісті емдеудің жаңа технологиясын ойлап тапты, деп хабарлайды BBC News.
Жаңа әдіс бойынша бүлінген тісті өздігінен қалпына келтіру жүргізіледі. Яғни, қуаттылығы аз электр тоғының ықпалымен ауру тіске минералдар жіберіледі.
Әдіс екі сатыдан тұрады. Алдымен «минералды коктейль» дайындалады.
Ғалымдардың есебінше, минералмен құнарландыру тісті қатайтып, тісжиегі ауруларының алдын алады. Бұл әдіс арқылы тісті ағарту мен тіс эмалін қалпына келтіруді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі уақытта жаңа технологияны сынақтан өткізу үшін Шотландияның Перт қаласында«Reminova» компаниясы құрылды.
Алғашқы нәтижелерге үш жыл көлемінде қол жеткізілмек.
Жаңа технология идеясы авторларының бірі, профессор Найджел Питс «Қазір бұл әдістің алғашқы сатысындамыз. Біз үшін бұл – үлкен жаңалық», дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49