«Шөл даланың наны» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шөл даланың наны»

18.06.2014
«Шөл даланың наны»
Жеміс атаулының ішінде құрманың қасиеті туралы көп айтуға болады. Ғалымдар құрманың натрий, калий, магний, қант, ақуыздар мен көмірсуларға өте бай екендігін әлдеқашан дәлелдеген. Осы бір қарапайым жемісте алуан түрлі дерттің шипасы жатқанын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. 
 
Ауа райы ыстық елдерде құрманы «шөл даланың наны» деп атайды. Көпшілік құрманың денсаулықты нығайтып, өмірді ұзартатынына сенімді. Ал диетологтар тәтті тағамның бәрін құрмамен алмастыру керегін айтады.
 
Ежелден бері құрма түрлі онкологиялық аурулардың және өкпе дерттерінің алдын алу үшін қолданылады. Кептірілген құрма миға оң ықпал етіп, қуатын 20 пайызға өсіретіні де дәлелденген.
 
Медицина мамандарының пайымдауынша, күніне 10 құрма жеген адам, магнийдің, темір мен кальцийдің тәуліктік мөлшерін толтырады.
 
Жүректің, бүйрек пен бауырдың жұмысын жақсартатын жеміс туралы толығырақ«Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу