Reuters: Шөл дала лагерьге айналып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Reuters: Шөл дала лагерьге айналып барады

03.12.2018

Қытайдың батысындағы Шыңжаңның шөл даласы адамдарды ұстайтын лагерьлерге айналып барады. Мұны бүгін «Reuters» хабарлады.  Халықаралық агенттіктің мәліметінше, шамамен 39 «қайта ағарту орталығы» тұрғызылған немесе кеңейтілген. Олардың бәрінің көлемін қосқанда, 140 футбол алаңындай болады екен. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бұл лагерьлерге миллион мұсылман қамалды. Олардың дені – этникалық ұйғырлар.

Алайда, Қытай үкіметі ұйғырларды «қайта ағарту орталықтарына» көптеп қамағанын жоққа шығарып, ол мекемелерде адамдардың кәсіби дайындықтан өтетінін алға тартып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу