Астанада Төлеуғазы Байғалиев пен оның шәкірттерінің бірлескен сурет көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Төлеуғазы Байғалиев пен оның шәкірттерінің бірлескен сурет көрмесі ашылды

12.06.2014
Өнер мұражайында Төлеуғазы Байғалиев пен оның шәкірттерінің Астана қаласының 16 жылдығына арналған бірлескен көрмесі ашылды. Көрме маусым айының соңына дейін жалғасады.  Суретшінің 55 еңбегі көпшілік назарына ұсынылып отыр. Соның ішінде 10 графикалық парақ - «Ауылым», «Жасыбай көлінде», «Көлдегі таң», «Күз», «Кеш», «Жаңбыр басталды», «Алғашқы қар» және т.б. Есептік көрмеге 23 оқушының акварель, гуашь, қарындаш және басқа техникаларда орындалған 45 суреті қойылды –  деп хабарлайды  Астана қаласының ресми сайты.
 
«Студия 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Балалар 5-18 жаста. Оқушылардың жұмыстары түрлі техникаларда орындалған. Оларда ұстаздың өзіне деген оқушылардың  бейнелеу өнеріне  бар мүмкіндіктерімен таныстыруды және бар жан-тәндерімен өнерді сүюге үйретуге  ұмтылысы сезіліп тұрады. Картиналардың авторлары халықаралық, республикалық, қалалық көрмелердің қатысушылары және жеңімпаздары», деді Т.Байғалиев.
 
Көрмеге қатысушылар арасында Назарбаев зияткерлік мектебінің және №3,7,10,15,22 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары да бар. Суретші оқушылардың жұмыстарымен қатар өзінің жұмыстарын көрсету арқылы өнерге деген сүйіспеншіліктің дәстүрлі жалғасын көрсетпек.
 
Айта кетейік, Төлеуғазы Байғалиев - қазақстандық кескіндемеші және график, пейзаждар мен тақырыптық картиналардың авторы, педагог. Қазіргі уақытта оның еңбектері Германия, Ресей, Корея, АҚШ, Қытай  және Украина елдерінде жеке жиынтықтарда сақталуда.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу