Елордада қолөнер бұйымдарының орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қолөнер бұйымдарының орталығы ашылды

10.10.2014
Елордада қолөнер бұйымдарының орталығы ашылды

Астанада қолөнер бұйымдарының орталығы ашылды. Онда қазақ ұлттық өнер шеберлері өз өнімдерін елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынады.

Бұл бастаманы қолға алған «Дала арулары» қоғамдық қоры дәстүрлі өнерді жандандыруды және дамытуды мақсат етеді.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Роза Жүсіпова дәстүрлі мәдениет пен әдет-ғұрыптар ұрпақтар сабақтастығы болып табылатынын атап өтті. Келушілер орталықта қазақ халқының бай мәдениетімен танысып қана қоймай, қолданбалы өнердің негізгі түрлерінен шеберлік сыныптарына да қатыса алады.

Орталықтың ашылуына байланысты Қырғыз Республикасының, Ресей, Түркменстан және Өзбекстан шеберлерінің қатысуымен халық шығармашылығының көрмесі өткізілді. Айта кетейік, көрме 12 қазанға дейін өтеді.

Сурет: astana.kz 

Хабарламаларға жазылу