Қостанайда қой жүнінен салынған картиналардың көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қой жүнінен салынған картиналардың көрмесі ашылды

20.03.2023

Қостанайда кәдімгі қой жүнінен салынған картиналардың көрмесі ашылды. Ұлттық нақыштағы 70-тен астам туынды қойылған көрме «Бабалар ізімен» ізімен деп аталады. Бәрінің авторы мектеп оқушылары. Аппликацияның осы ерекше түрін қолданысқа енгізген Арлан Аңқауовтың шәкірттері.

Ұлттық нақыштағы туындылдардың көрмесі ұлттық киім киген әжелер ансамблінің әдемі әнімен ашылды. Туабітті миопатия дертіне шалдыққан Арлан Аңқауовтың мамандығы дизайнер. Қозғалу мүмкіндігінің шектеулілігі шеберлігіне кедергі бола алған жоқ. Қой жүнінен сурет салу оның авторлық тәсілі. Кейін үйірме ашып шәкірт тәрбиелей бастады.

Арлан Аңқауов, дизайнер:

Біз балаларды үйретіп келе жатқанымызға он жыл биыл. Сол он жылда жүзден астам шәкірт тәрбиелеп шығардық. Олардың бірі суретші, бірі дизайнер болып әртүрлі салаға кетіп жатыр.

Біз дейтін себебі Арланның өзінен басқа тағы үш бауыры осы істің басы қасында жүріп көмек көрсетеді. Олар да миопатия дертіне шалдыққан. Алайда ағайынды жігіттер тағдырдың ауыртпалығына мойымай, ерекше өнерлерімен елдің ықыласына бөленіп келеді.

Ақылбек Шаяхмет, ақын:

Мен ең ырза болатыным бұлардың ата-баба дәстүріне адалдығы. Ұлттық бояудың басымдығы. Жанрлары да әртүрлі. Киізбен салған сурет, теріге салған сурет те бар.

Көрмедегі суреттер ұлттық салт дәстүрден сыр шертеді. Табиғаттың әсем көріністерін, ұтымыздың ұлы тұлғаларының бейнесін көруге болады. Бәрі де балалардың қолынан шыққан дүние. Мысалы Ұлжан Ерменбай ақын Сырбай Мәуленовті бейнелепті.

Ұлжан Ерменбай, оқушы:

Мен қолөнер студиясына 1 жылдай қатысып жүрмін. Сурет салуды үйренедім. Өте ұнайды. Мен түрлі картиналарды, портртеттерді алуды үйренудемін.

Мәтін: Көшпенді өмірден сыр шертетін көз жауын алған картиналар қой жүнін кенепке жапсыру арқылы салынады. Арлан Аңқауовтың өзі бірнеше республикалық сайыстардың жүлдегері. Оның туындылары шетелдерге де шығарылып жүр. Ал шәкірттерінің көрмесін осымен екінші рет ұйымдастырып отыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу