Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

20.06.2023
Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

25-29 маусым күндері Астана қаласының 25 жылдығына орай III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді.

Шараға Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан елдерінен 13 театр қатысады.

Фестивальдің басты ерекшелігі - арнайы номинация жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды. Шараның мақсаты - тағлым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеу, мәртебелі мәдениетімізді, өнегелі өнерімізді дүниежүзіне насихаттау, әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау.

Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры», «Музыкалық жас көрермендер театры».

Хабарламаларға жазылу