Жером Вальке: Футболдан Әлем чемпионаты кезінде жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жером Вальке: Футболдан Әлем чемпионаты кезінде жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін

24.05.2014
Жером Вальке: Футболдан Әлем чемпионаты кезінде жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін
 
Бразилия Ұлттық стадионның жағдайымен танысуға келген Вальке турнирді жоспарлау кезінде қателіктер болғанын жеткізді.
 
ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке футболдан Әлем чемпионатына дайындық барысында ұйым мен Бразилия үкіметі арасындағы қатынастар күрделене түскенін мойындады. Аталған елдің астанасына Ұлттық стадионның жағдайымен танысуға келген Вальке турнирді жоспарлау кезінде қателіктер болғанын жеткізді, деп жазады ВВС.
 
Оның сөзіне қарағанда, ФИФА тарапы футболдан Әлем чемпионаты кезінде де жаппай наразылық акциялары өтетінін болжап отыр.
 
«Алайда ұйымның басты мақсаты - Бразилияға келетін жанкүйерлердің турнирді рахаттанып тамашалауына жағдай жасау», - дейді Вальке.
 
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді.  Ал «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 
Дүбірлі доданы Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаус, Форталезе, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба және Куритибе қалалары қабылдайды, деп жазады ҚазАқпарат.
 

Хабарламаларға жазылу