Бокс. Шүменов пен Хопкинс чемпиондық атаққа таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокс. Шүменов пен Хопкинс чемпиондық атаққа таласады

19.05.2014
Бокс. Шүменов пен Хопкинс чемпиондық атаққа таласады
Вашингтонда өтетін бокс кешінің қатысушылары ашық жаттығуларын өткізді. Бұл кештегі басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBA  тұжырымы бойынша суперчемпион, 30 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс (54-6-2, 32 КО) жұдырықтасады.
 
Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты –  20 сәуір, жексенбі, сағат таңғы - 07:00 (Астана уақыты). Ал «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сол күні 12:10-да қайталайды.
 
«Карьерамды жалғастыру үшін бұл жекпе-жектің маңызы зор. Шүменов мені жеңу арқылы, атын шығаруды қалайды. Жастардың барлығы мені жеңіп, атақты чемпион болуды ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді Хопкинс.
 
«Мен өзімді керемет сезінемін. Көп жаттығу атқарылды. Бір де бір жаттығуды босқа жіберген жоқпын.  Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы екенімді көрсеткім келеді», - деп атап өтті Бейбіт Шүменов.

Фото: boxingscene.com

Хабарламаларға жазылу