Бейбіт Шүменовтің Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Шүменовтің Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді

22.02.2014
Бейбіт Шүменовтің Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді
WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, америкалық Бернард Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде Вашингтонда өтеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
 
Бейбіт Шүменов соңғы кездесуін словакиялық Тамаш Ковачпен өткізіп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған.
 
Ал америкалық боксшы соңғы жекпе-жегін 26-қазанда Каро Муратпен өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен.
 
Айта кетейік, Хопкинс бокс тарихындағы жасы ең үлкен Әлем чемпионы саналады.

Хабарламаларға жазылу