Жеңіске жете алмағаныма ашулымын – Бейбіт Шүменов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіске жете алмағаныма ашулымын – Бейбіт Шүменов

20.05.2014
Жеңіске жете алмағаныма ашулымын – Бейбіт Шүменов
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов жартылай ауыр салмақта WBA  тұжырымы бойынша суперчемпион атағын 49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинске беріп қойды.
 
«Төрешілердің ұпайы жөнінде ойлағаным жоқ. Бүгін Бернард басым болды. Стратегия мен стилді дұрыс таңдамадым. Бұл жекпе-жекте жеңіске жете алмағаныма ашулымын. Мен батырмын, тек қана үздік боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Бүгін менің жолым болмады», - деп мәлімдеді Бейбіт Шүменов.
 
Өз кезегінде Бейбітті 11-ші раундта нокдаунға жіберген Хопкинс «Шүменовтің чемпион болуына мен бокс қолғабымды шегеге ілген соң ғана мүмкіндік туады», деп мәлімдеді.
 
49 жастағы Бернард Хопкинс әлемнің чемпиондық атақтарын біріктірген ең жасы үлкен боксшы атанды. Ол бұл жетістікпен тоқтамай, WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, канадалық Адонис Стивенстің белдігін тартып алуды көздейді.

Хабарламаларға жазылу