Шүменов-Хопкинс жекпе-жегінің афишасы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шүменов-Хопкинс жекпе-жегінің афишасы жарияланды

10.03.2014
Шүменов-Хопкинс жекпе-жегінің афишасы жарияланды
Кәсіпқой бокстан WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы суперчемпион Бейбіт Шүменов 19 сәуірде IBF чемпионы, америкалық Бернард Хопкинспен жұдырықтасады. Вашингтонда өтетін бокс кешінің ресми афишасы жарияланды.
 
Сонымен қатар, бұл күні шаршы алаңға WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Питер Куиллин шығады. Ол үшінші рет чемпиондық атағын қорғамақ. Америкалық боксшының қарсыласы – чех Лукаш Конечны.

Хабарламаларға жазылу