Алматы облысы: Жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
|
Алматы облысында «Setra» жолаушылар автобусы мен «Subaru» маркалы көлік соқтығысып, 1 адам қаза болды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Апат «Алматы-Өскемен» тас жолының 566 шақырымында, Алакөл ауданының Жанама ауылының маңында болған.
«Алдын-ала болжам бойынша, жол апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Көлік ішінде 45 жолаушысы болса да, автобус жүргізушісі «Subaru»-ды басып озуға тырысқан. Соның салдарынан көліктер соғылып, «Subaru»-дың жүргізушісі қаза болды», - делінген хабарламада.
Қазір аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 296-бабының 2-тармағы бойынша, қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Автобус айып тұрағына қойылды. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00