Суретшілердің миы өзгеше болатыны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретшілердің миы өзгеше болатыны анықталды

18.05.2014
Суретшілердің миы өзгеше болатыны анықталды
Суретшілердің миы өзге адамдарға қарағанда өзгешелеу болады. Бұл соңғы зерттеулердің нәтижесінде белгілі болды, деп жазады «ҚазАқпарат».
 
Зерттеуге қатысқан адамдардың миын сканерден өткізу кезінде суретшілердің моторикаға және визуалды бейнелердің қалыптасуына жауап беретін ми бөліктері кеңірек дамығаны анықталды. Осыған қарағанда суретшілердің таланты шынымен де туа біткен ерекшелік болуы мүмкін, делінген сарапшылар деректерінде. 

KU Leuven University бельгиялық оқу орнында аталған зерттеуді жүргізуші Ребекка Чемберленнің хабарлауынша, ғалымдар аталған құбылысқа түсінік беруді іздеу мақсатында зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

«Зерттеу нәтижесіне қарағанда, суретшілер миының күңгірт бөлігінде сұр зат көбірек кездесті. Мидың дәл осы бөлігі адамның шығармашылық қабілеті  мен визуалды бейнелерді қабылдауына жауап береді», - дейді Ребекка Чемберлен.

Хабарламаларға жазылу