Петропавлда жол апатынан үш адам ауыр жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жол апатынан үш адам ауыр жарақат алды

26.05.2023

Петропавлда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған бірнеше жолаушы жарақат алды. Жол апаты Жамбыл және Интернационал көшелерінің қиылысындағы базар маңында орын алды. Үш адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Басы жарылып, миына зақым келген. Науқас облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде. Тағы бір жапа шегушінің миы шайқалып, екіншісінің аяғы сынған. Әйел адам тізгіндеген көлік алдымен автобусқа, кейін аялдамаға соғылған. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, екі жүргізушінің де спирттік ішімдік немесе есірткі пайдаланбағаны анықталды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмаған.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу