Балық жүректі қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық жүректі қорғайды

19.10.2015
Балық жүректі қорғайды

Балықты көп тұтынған әйелдерде жүрек ауруларына шалдығу қаупі төменірек болады. Даниялық ғалымдар осылай дейді.

Олар жүргізген зерттеуге15 пен 49 жас аралығындағы әйелдер қатысқан.

Зреттеу нәтижесінде балық өнімдерін аз тұтынатын немесе мүлде тұтынбайтын әйелдердің жүрек ауруына шалдығу мүмкіндігі балық өнімін жиі тұтынатын әйелдермен салыстырғанда 2 есе жоғары болатыны анықталды.

Жүрек дертіне шалдығу қаупі балықты аптасына бір рет тұтынатын әйелдерге қарағанда анда-санда тұтынатын әйелдерде 90 пайызға  көбірек.

Айта кетейік, сауалнамаға қатысқан әйелдер қызыл балық, треска, майшабақ, скумбрия сияқты омега-3 қышқылына бай балық өнімдерін тұтынған.

Хабарламаларға жазылу