Өскеменде «Аруларға гүл сыйлаңыздар» атты көрме өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Аруларға гүл сыйлаңыздар» атты көрме өтуде

04.03.2016
Өскеменде «Аруларға гүл сыйлаңыздар» атты көрме өтуде
Облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайдың картина галереясына жергілікті суретшілердің туындылары қойылған.

Кескіндеме, графика, мүсін техникасы және 3D үлгісінде жасалған суреттердің жалпы саны 100-ге жуық. Шығыс өңіріндегі белгілі қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан картиналармен қоса, жас суретшілердің де туындылары бар. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ашылған көрме 1 ай бойы жұмыс істейді.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу