Нұрғиса Тілендиевтің тұрған пәтері мұражайға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрғиса Тілендиевтің тұрған пәтері мұражайға айналды

16.05.2014
Нұрғиса Тілендиевтің тұрған пәтері мұражайға айналды
Алматыда қазақтың классик композиторы Нұрғиса Тілендиевтің пәтерінде мұражай ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысты. 
 
Қала басшысы биыл 90 жылдығы тойланатын композитордың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін атап өтті. 

«Алматыдағы көшелердің бірі Нұрғиса Тілендиевтің атында. Өткен жылы ол кісінің атындағы ескерткішті аштық. Осы мұражайдың ашылуы талантты еске алудағы кешенді шаралардың дәстүрлі жалғасы болмақ», - деді әкім.
 
Келушілер қолжазба партитурасын, кезінде композиторға анасы сыйлаған антикварлық күйсандықты тыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу