Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

07.04.2015
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Алматыда атақты композитор, дирижер, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.

Нұрғиса Тілендиев - қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған тұлға. Ол - 500-ден астам музыкалық туындының авторы.

Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейі де осы мол мұраны сақтау негізінде ашылған. Мұражайда композитордың өмірінің соңғы уақыттарына дейін қолданған заттары мен естеліктері сақтаулы тұр.

Шара аясында композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.

 

Құлмахан САЛЫБЕК

Хабарламаларға жазылу