Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

09.11.2023

Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Бұл туралы еліміздің мемлекеттік кеңесшісі телеграм әлеуметтік желісіндегі жеке арнасына жариялады.

Жазбада Ерлан Қарин:

«ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз - деп жазды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу