«Жарқын бейне» Нұрғиса Тілендиевті еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» Нұрғиса Тілендиевті еске алады

19.04.2015
«Жарқын бейне» Нұрғиса Тілендиевті еске алады

Нұрғиса Тілендиевтің сазгер, дирижер, орындаушы  ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Сазгер қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан, тек қана өзіне тән сара жолды  қалыптастыра алды.

Ол – қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған тұлға. Домбыраны қолына бес жасынан бастап алған сазгердің сазы талай тыңдарманның жүрегінен орын тапты.

Нұрғиса Тілендиев – 500-ден астам муызкалық туындының авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да кең: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет және  т.б.

Бүгін сағат 13:40-та «Жарқын бейне» хабары күйші, композитор, дирижер, ҚР Халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевті еске алады.

Хабарламаларға жазылу